Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

5-07-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында ҚТЖ басшылығы мен ҚХР Көлік министрлігінің кездесуі болып өтті. Тараптар өзара пікір алмасып, көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, халықаралық көлік дәліздерінің перспективаларын талқылады.

Кездесуде екі ел арасындағы теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқыны атап өтілді. Арғы жылдармен салыстырғанда өткен жылғы рекордтық өсім 22% жетті (28 млн тоннадан астам). Ағымдағы жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 12,4% өсті, оның ішінде

Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1 млн тоннаға, яғни 5,7 млн тоннаға дейін барды.  

Сондай-ақ, екі ел темір жолдарында шекаралық теміржол станцияларын жаңарту мен жақындату арқылы өткізу қабілетін арттыру үшін атқарылған үлкен жұмыстар атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдіріп, Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-дан Еуропаға теміржол көлік дәліздерін одан әрі дамыту туралы уағдаласты. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив