Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда алғаш рет ветеринария қызметкерлері күні аталып өтілуде

10-07-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Биылдан бастап 10 шілдеде Қазақстанда «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді.

Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының ветеринария қызметi ветеринария және тамақ өнiмдерi саласындағы тиiмдiлiк пен қауiпсiздiктi арттыруға бағытталған елеулi өзгерiстерден өттi. 2011 жылы құрылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.

Қазақстанның ветеринариялық қызметі АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен, өңірлік және аудандық инспекциялардан, республикалық эпизоотияға қарсы жасақтан, республикалық ветеринариялық зертханадан, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтан, сондай-ақ облыстық ветеринария басқармаларынан, ветеринариялық станциялар мен пункттерден тұратын жергілікті атқарушы органдардан тұрады.

Комитет 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды, сондай-ақ 203 аудандық ветеринариялық станцияларды, 2 334 ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қамтиды. Бұл ауылдық округтерден бастап республикалық деңгейге дейін барлық деңгейде бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің негiзгi мiндеттерi - жануарларды аурулардан қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластануын болдырмау. Ветеринариялық препараттар мен жемшөптің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау қызметтің маңызды бағыты болып саналады.

Мереке қарсаңында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республика бойынша өзінің аумақтық инспекцияларымен бірлесе отырып, халықтың ветеринариялық қауіпсіздік туралы білімін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар ұйымдастырды.

Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдерін сату орындарында, кедендік ресімдеу орталықтарында, халықаралық әуежайларда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринарлық-санитарлық талаптар бойынша кеңестер өткізілді.

Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары ветеринарлық және ғылыми қызметтердің, Денсаулық сақтау министрлігінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін Ашық есік күнін өткізді, шара барысында зертханалардың, арнайы машиналардың жұмыс процесін көрсетті, оқу-әдістемелік орталықтың қызметімен таныстырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив