«Бірлестік-2024»: Қазақстан Қорғаныс министрлігінде оқу-жаттығудың мән-маңызы айтылды
Қорғаныс ведомствосының өкілдері басшылық штабының командалық пунктінде өткен брифингте «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының ерекшеліктері туралы айтып берді.
Шараға Қазақстан Қорғаныс министрлігінің және Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан әскери контингенттерінің өкілдері қатысты.
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы полковник Дәурен Манап оқу-жаттығуды өткізу тәртібімен және шетелдік әріптестерді аумақтың ерекшеліктерімен таныстырды.
Ол «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуының мақсаты қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау барысында әскери контингенттер бірлескен басқару жүйесін өрістету, жедел және тактикалық деңгейде іс-қимылдарды жоспарлауда тәжірибе жинайды. Оқу-жаттығу бөлімшелердің далалық, теңіздегі және әуедегі машықтарын арттыруға ықпал етеді.
Оқу-жаттығудың практикалық эпизодтарын делегация басшыларымен талқылау жоспарланған әскери маневрлер өтетін бүкіл сәтті көзбен қарауға мүмкіндік беретін бақылау мұнарасында өтті.
Одан өзге оқу-жаттығу басшысының орынбасарлары өз бағыттары бойынша оларды «Бағдар» жерлерді бағдарлау бойынша конкурстардың, армиялық тактикалық атыстың және басқа да жоспарланған спорттық іс-шаралардың шарттарымен таныстырды.
Кездесу барысында әскери контингенттерді тамақтандыруға және тасымалдауға байланысты ұйымдастыру сәттері де қозғалды.
«Бірлестік» халықаралық оқу-жаттығуының тактикалық эпизодтары «Оймаша» полигонында және Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Тоқмақ мүйісінде өтетінін естеріңізге сала кетейік.