Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Шатыркөл байыту фабрикасында алғашқы мыс концентраты алынды

11-07-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақмыс корпорациясының жаңа кәсіпорны құрамында 19,28% мыс бар алғашқы дайын өнім - мыс концентратын шығарды. Қазіргі уақытта фабрикада дайын концентратты шығарумен технологиялық процестерді реттеу бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның жобалық қуатына шығу осы жылдың қазан айының соңына дейін жоспарлануда.

Шатыркөл байыту фабрикасы Шатыркөл және Жайсан кен орындарынан жылына 1,2 млн тоннаға дейін кен өңдейтін болады. Жамбыл облысының Шу ауданындағы жаңа кәсіпорын 347 жұмыс орнына есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының ортасында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шатыркөл байыту фабрикасына барды. Үкімет басшысына жаңа объектіні «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев таныстырды.

Фабрика құрамына ұсақтау-сұрыптау кешені, бас ғимарат, АБК, жатақханалар, асхана, өрт сөндіру депосы, зертхана, жөндеу-механикалық шеберхана, қалдық қоймасы, қоймалар және т.б. объектілер кіреді.

Өндірісте әлемдегі мыс кендерін байытудың ең зиянсыз флотация технологиясы қолданылатын болады. Шаң тұту тиімділігі 99% коэффициенті құрайтын заманауи аспирация жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Cонымен қатар өнімді тасымалдау көлемін азайту арқылы жолдағы шаң айтарлықтай төмендейді. Ал жақын елді мекендер кәсіпорынның әсер ету аймағынан 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.

Шатыркөл байыту фабрикасында жаңа өрт депосы, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи өрт дабылы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Фабрикада технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері енгізілді. Бұл өндіріс тиімділігін арттыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив