Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысындағы мыс өндіретін ірі кәсіпорында заманауи техника қолданылады

5-06-2024, 10:00 Думан Кенжеғазыұлы

Өңірде жұмыс істейтін журналистер «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС игеріп жатқан кен орнына келіп өндірістің барлық кезеңін тамашалады.

Абай облысы – пайдалы қазбалар өндірісі бойынша еліміздегі алдыңғы қатарда. Аймақтағы мыс кенін өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі - «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, озық технологияларды қолдану және өнім сапасын қатаң бақылаудың арқасында бірнеше жыл бойы тұрақты өндірісті қамтамасыз етіп келеді. 

Мұндағы өндіріс – әр кезеңінің өзіндік маңызы бар қалыптасқан процесс. Кен қазіргі уақытта 500-ден аса жұмысшы және жүзден аса тау-кен өндірісіне арналған техника тартылған карьерде өндіріледі. Техниканы қолдану үшін көптеген басқару және диспетчерлік жүйелер қолданылады. Аталған жүйе нақты уақыт режимінде техника жұмысын жүйелеп, кез-келген жағдайға шұғыл қосылуға мүмкіндік береді. 

Кен орнын тиімді игеру үшін қарамағында цифрлық технологиялар мен озық құралдары бар қызмет түрлерінің бәрі іске қосылған. Қауіпсіздік – компания басшылығының басты назарында. Аталған мақсат үшін қауіпсіздік бақылайтын көптеген жүйелер қосылған, мысалы, тау-кен өндірісінде қолданылатын қондырғылардың соқтығысуының алдын алатын жүйе іске қосылу қарсаңында. Қызметкерлер мұның қиын, әрі қызықты жұмыс екенін атап өтеді. 

Әмбебап оператор Наталья Хлебникованың айтуынша жұмыс күні бұрғылау және жарылысқа дайындықтан басталады. Пресс-тур ұйымдастырылған кезде жұмысшылар тереңдігі 11 метрлік ұңғыманы бұрғылап жатқан болатын. 

- Жаңа техника жұмысқа қолайлы, жеңіл, тетіктер арқылы басқарылады. Әр ұңғыманың өз ерекшелігі бар, сол себепті қызды-қыздымен уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. Маған өз жұмысым қызық: жүк көлігін жүргізген де, бұрғылау да ұнайды, - дейді Наталья Хлебникова.

Наталья жұмысқа бес жыл бұрын, шағын көліктің жүргізушісі болып орналасқан. Арнайы тренингтен кейін жұмысқа рұқсат алған оның ауыр жүк көлігін басқаруға құштарлығы оянды. Оқуын аяқтағаннан кейін ол екі жыл ауыр жүк көлігін жүргізді, содан кейін бұрғылау қондырғысына ауысады. Сырт көзге оның жұмысы жай тетіктерді басып отырумен шектелетіндей көрінуі мүмкін, бірақ Наталья тек өз ісін жан-тәнімен жақсы көретін маман ғана бұл кәсіпті игере алады деп есептейді. Себебі – көптонналық техниканы басқару – оңай шаруа емес. 

Қазылған кен алдымен үгітілуге жіберіледі. Содан кейін конвейер арқылы үгітілген кен сақталатын қоймаға жеткізіліп, сол жерде ұсақталады. Ұсақталғаннан кейін кен флотация және реагенттен тазартудан өткізіледі. Жұмыстың ақырғы кезеңі – сүзгілеу, қаптау және дайын өнімді тиісті жерге жіберу. 

Бұл мыс концентратын өндіру жұмысына қатысты әңгіме. 

Бұдан бөлек кен орнында ақырғы өнімі – стандарты 99,99% жоғары сапалы катодты мыс шығаратын тағы бір өндіріс тізбегі бар.  Тотыққан кенді байыту участкесінің жетекшісі Дәурен Байжігітов жүк көліктеріне тиелген кен үймелі сілтісіздендіру процесін жүргізу үшін  пирамида пішінді аймаққа жеткізілетінін айтады.

Ол жерде мыстың иондарын сұйық қалыпқа түсіретін технологиялық қоспа қосылады. Содан кейін ерітінді сұйытылған экстрация зауытына жеткізіліп, сол жерде арнайы реагенттердің көмегімен мыс бір қоспадан екіншісіне аударылады. Содан кейін мыспен байытылған қоспа электролиз цехына жіберіліп, электр қуаты арқылы электролиз ванналарына тұндырылып, мыс бөлшектері арнайы табақтарға жабысады. Мыстың тұндырылу мерзімі 6-7 күн, содан кейін арнайы роботтың көмегімен сыртқы қабаты тазаланады. Ары қарай дайын мыс арнайы стандартты пакеттерге салынып, тұтынушыға жеткізіледі. 

Біздің зауыттың ерекше болуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл – Қазақстандағы ең ірі өндіріс орталығы. Екіншіден, біздің зауыт қалдықсыз өндіріске негізделген, яғни, біздегі барлық технология бір-бірімен байланысты. Үшіншіден, біз дайын өніміміз – металл өндірісіндегі ақтық кезең болып саналады, - дейді Дәурен Байжігітов.

Бүгінде тотыққан кенді өңдейтін зауыттың өндіріс көлемі  - жылына 12 млн тонна тотыққан кеннен 20-25 мың жоғары сапалы катодты мыс шығаруға жеткен. Мұнда 230 шамасында адам жұмыс істейді. Олардың 100 шақтысы – технологиялық мамандар, қалғандары – көмекші қызметті атқарушылар: механиктер, инженерлер мен қандай да бір техниканы жөндеуге қажетті инженерлер.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін цехта бірінші кезекте қауіпсіз, тиімді және әлемдік тәжірибелер ескерілген барлық стандарттарды сақтай отырып жұмыс істеу үшін барлық қажетті құралдар мен техникалық қажеттіліктер бар. 

- Әрбір қондырғының өз ерекшелігі бар. Әдетте біз қажетті құралдарды жанымызда ұстаймыз. Егер бірнәрсе жетіспесе әрбір участок мамандары өз ұсыныстарын, идеяларын айта алады. Сонымен қатар, бізде кез-келген техникалық ақпаратқа қол жеткізуге болатын электронды киосктар секілді озық инженерлік техникалық шешімдер де бар. Кез келген инженер киоскке келіп, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы ақпарат алып, арнайы бөлімдерге кіру арқылы қажетті сызбаларға қол жеткізе алады. Әр жұмыстың атқарылу мерзімі бар, жоспар жасалып, күн сайын бақылауда болады. Шұғыл мәселе туындаған жағдайда сол жерде тиісті шешім қабылданады. Жұмыс қарамағында механиктер штаты бар шебердің жіті назарында. Сондай-ақ, қажет болған ерекше жағдайларда  техникалық көмек көрсететін мердігерлік компаниялардың қызметкерлері де бар. Біз жұмысты сапалы атқаруға тырысамыз, сонымен қатар цехта әр құралдың өз орнында болғанын, қызметкерлердің таза, әрі қолайлы ортада жұмыс істеуі үшін барлық жағдайдың жасалғанын бақылауда ұстаймыз, - жөндеу және қызмет көрсету цехының жетекшісі Әнуар Жұмабаев.

Цехтағылар тәртіптің болуы  - бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігінің кепілі. Сол себепті компания қызметкерлері апаттық жағдайға жол бермей, күнделікті қауіпсіздік ережелерін барынша сақтап жұмыс істеуге тырысады.

- Біз жұмысқа басқа бөлімдерді тартамыз, жүйені күн сайын тексеріп отырамыз. Жұмысқа адам алған кезде олардың барлық талаптарға сай келеріне баса мән береміз. Бізде жұмыс істегісі келетін мамандар жүк көліктерінде жұмыс істеуді, карьердегі арнайы техникамен жұмыс істеуді білуге тиіс. Жалпы, біздің жөндеу жұмысы қызметінде, инженерлерді қосқанда 300 адам бар, - дейді Әнуар Жұмабаев.

Мамандардың өзара тиімді іс-қимылы кәсіпорын өндірісін соңғы үш айда өндірістің ең жоғары өнімділік деңгейіне жеткізді. 

-  Бізде екі ірі кен байытатын сульфидті фабрика іске қосылған. Сульфидті кенді өңдейтін бірінші фабрика 2016 жылы жұмысын бастады, ал екіншісі 2021 жылы іске қосылды. Оның жұмысын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап берген болатын. Аталған фабрика соңғы үш айда сағатына 2900 тонналық өндіріс деңгейіне жетті. Дәл қазіргі уақытта кенді өңдеу сағатына 4000 тоннаға жеткен. Бұл – біздің ең жоғарғы өнімділік көрсеткішіміз. 2023 жылы біз 252 мың тонна мыс шығардық. Бұл – біз ойлаған межеден бірнеше есе көп. Сондай-ақ, біздің қайта өңдеу көрсеткішіміз де артып келеді. Бірінші фабрикада бұл шамамен - 2%, ал екінші фабрикада – 5,6%. 2024 жыл үшін жоспарлық көрсеткішті әр фабрикаға 28,5 млн тонна кен деп межелегенбіз. Дәл қазіргі уақытта біз жоспардан айтарлықтай озып келеміз, - дейді «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС өндірістік басқармасының жетекшісі Ғани Советов.

Компания өкілдері шетелден келген құрылғыларды жоғары бағалайды. 

- Біздің өндірісте озық үлгідегі құрылғылар қолданылады. Солардың бірі – өнімділік көрсеткіші сағатына 5000 тоннаға жететін үгіткіш құрал. Ол кен орнындағы бастапқы ұсақтау аймағында орнатылған. Ұсақтаудың бірінші кезеңінен кейін руда ірі бөлшектелген руда сақталатын қоймаға жеткізіледі, содан кейін ұсақтап үгітетін диірменге салынып, кезекті өңдеуден өткізіледі. Үгітетін диірмен бізге келген жаңа құрылғылардың бірі, - дейді Ғани Советов.

Кәсіпорын өкілдері өндірістік процесстердегі үздіксіз жетілдірулер мен инновациялар, және ресурстарды ықшамдап жұмсау компанияның мыс өндіру ісінде үздіктер қатарында қалуға мүмкіндік береріне сенімді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив