Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Қазақстан Елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

12-07-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогқа сенім грамоталарын тапсырды.

Президент И. Герцогпен болған сұхбат барысында өзара қызығушылық тудыратын салалардағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Елші Израиль Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде баяндады.

Израиль Президенті Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.

Кездесу соңында Президент И. Герцог қазақстандық дипломатқа жауапты қызметінде табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив