ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беругеболады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді.
Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаның басты бетінде «Бейне қызметі» батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейіноператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.
Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді.
Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.