Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қазақстанның креативті индустриясын дамытуда Яндекс тәжірибесі қолданылады

15-07-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда ҚР МАМ креативті индустриялар департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева Яндекс Плюс және Яндекстің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі ойын-сауық сервистерінің бас директоры Владимир Горбуновпен кездесті.

Тараптар креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Ынтымақтастық бірнеше бағыттар бойынша жүзеге аспақ. Атап айтқанда, оқыту семинарлары, білім беру бағдарламалары, креативті индустрияға IT-технологиялар мен бизнес шешімдерді енгізу, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобалар бар.

Сарапшылардың пікірінше, жұмысты жалғастыру үшін өңірлердегі креативті тауарлар мен қызметтер нарығына талдау жүргізу қажет.

Алматыға жұмыс сапары барысында Гүлісхан Нахбаева Almaty Creative креативті индустрияны дамыту орталығына барып, орталықтың қазіргі жобаларымен танысты.

Almaty Сreative креативті хабы мегаполистегі қараусыз қалған ғимараттарды жаңартып, шығармашылық жұмыс үшін заманауи кеңістікке айналдырған алғашқы бастамалардың бірі саналады.

Сондай-ақ, кретивті индустриялар департаментінің директоры Salem Social Media және IT-hub The Foundry медиа компаниясының басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив