Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай ауданында жаңа медициналық нысандардың құрылысы басталды

16-07-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Маусым айында Орда және Медеу ауылдарында дәрігерлік пункттер мен Саржал ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға сыртқы инженерлік желілер салу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда үш нысан толықтай электр сымдарымен қамтамасыз етіліп, қабырғаларын қалау жұмыстары басталып кетті.

Құрылыс мердігерлері – «Construction Group «SAMRUK» ЖШС және «Уральскийстройинвест» ЖШС. Нысандарды қыркүйек айының соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Бүгінде ауданда 1 орталық аурухана, 1 консультативтік-диагностикалық емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік пункт және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) жұмыс істейді. Ауданның емдеу мекемелерінде 34 жоғары білікті дәрігер, 105 медицина қызметкері еңбек етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив