Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

KazAID Қытайдағы халықаралық конференцияда ынтымақтастықты талқылады

17-07-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

KazAID басқарма төрағасы Аркен Арыстанов бастаған қазақстандық делегация Қытайдың «CIDCA» халықаралық даму және ынтымақтастық мемлекеттік агенттігі ұйымдастырған Бірлескен даму жөніндегі жаһандық іс-қимыл форумының жоғары деңгейдегі 2-ші конференциясына қатысты.

А.Арыстанов Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 2030) жету үшін Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі халықаралық дамуға жәрдемдесудегі рөлі туралы баяндама жасады. Іс-шара аясында жаһандық басқару, Оңтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша даму, инновациялар, жастар саясаты мәселелері талқыланды. Осы конференцияның мақсаты жаһандық даму, қауіпсіздік және өркениет бастамалары шеңберінде жақсы болашақ құру мүддесінде әріптестердің бірлескен іс-қимылына жәрдемдесу және жаһандық даму мәселелері бойынша ортақ пікір қалыптастыру болды.

Шетелдік делегациялар 50-ден астам елден келген жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларды, халықаралық ұйымдардың сарапшыларын, академиялық қоғамдастық пен талдау орталықтарының өкілдерін қамтыды. Ашылу салтанатына ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И, БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун, Колумбия университетінің профессоры және Тұрақты даму орталығының директоры Джеффри Д. Сакс қатысты.

Сапар барысында KazAID басшылығы CIDCA басшысының орынбасары Ян Вейцюньмен және агенттіктің басқа өкілдерімен бірлескен бастамалар шеңберінде әлеуетті ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілді.

ҚР СІМ жанындағы «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі – Қазақстан Үкіметі құрған және дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы оператор. KazAID ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив