Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстан мен Өзбекстан «Орталық Азия» ХӨКО құрылысының орнын анықтады

4-03-2023, 11:17 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 2 наурызда Шымкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Жамшид Ходжаев тиісті хаттамаға қол қойды.

Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының орналасқан жері «Атамекен» (ҚР) – «Гүлістан» (ӨР) халықаралық (көпжақты) өткізу пункттері аумағында айқындалған.  Енді тараптар әрқайсысы 50 га көлемінде ХӨКО салу үшін жер телімдерін бөлу және резервке қою мәселелерін пысықтайтын болады.

Сондай-ақ ХҚКО аумағында орналастыру үшін 2023 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде әлеуетті жобалардың тізбелерімен алмасу уағдаластығы хаттамамен бекітілді.

Қазақстандық және өзбекстандық сауда ведомстволары жобаның кураторлары ретінде бір ай мерзімде ХӨКО аумағында өндірілген тауарлар мен жүктерді тасымалдау үшін «жасыл» дәліздің қолданылуын кеңейту мәселелерін келісуге, сондай-ақ ХӨКО аумағында қолданылатын жеңілдіктер мен преференцияларды тепе-тең негізде айқындауға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив