Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Бородулихада көшелерді жарықтандыру қолға алынды

19-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауданының Белағаш және Зенковка ауылдары көшелерін жарықтандыруды жақсартуға бағытталған жобалар іске асырылуда.

Мәселен, Белағаш ауылындағы жұмыстар 10 шілдеде басталды. Жобаға «Өмірбек Group» ЖШС жауапты. Компания ауылдың 16 көшесіне қуаттылығы 100 Ватт болатын 164 жарықдиодты шам орнатады.

Дәл осындай жұмыс Зенковка ауылында да жүргізілуде. Елді-мекенде «КМА-Д» ЖК және «Айтуганов» ЖК сынды екі мердігер еңбектенуде. Олар ауылдың 6 көшесіне қуаты 100 ватт болатын 71 жарықдиодты шам орнатады. Қос ауылдағы жұмыстарды аяқтау 31 шілдеге жоспарланған.

Бұдан басқа, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Белағаш ауылдық округінде басқа да маңызды инфрақұрылымдық жобалар жоспарланған. Қазірдің өзінде ауыл ішіндегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жақын арада көшелерді асфальттау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Ал, Зенковка ауылында жалпы ұзындығы 5 шақырымға жететін 5 көше асфальтталмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив