Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
479.02 551.11 5.82

Сианьде «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының қызметі бойынша консультациялар өтті

19-07-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Хатшылығының қызметі бойынша 4-ші консультацияларға қатысты. Аталған іс-шараға Орталық Азия елдері және ҚХР дипломаттары қатысты.

Консультациялар барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Іс-шараның негізгі күн тәртібі 2024 жылғы 30 наурызда ашылу салтанаты өткен «ОА – ҚХР» форматындағы Хатшылықты құру жөніндегі құжаттарды келістіру мәселелерін қамтыды.

Сонымен қатар аталған іс-шара аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесу өтіп, осы форматтағы өзара іс-қимыл келешегі туралы пікір алмасылды.

Келіссөздер дәстүрлі достық және іскерлік атмосферада өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив