Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

"ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" ҚР Заңының жаңа нормалары бойынша ақпарат

20-07-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңАбай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

2024 жылғы 19 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Көрсетілген Заң «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң)түзетулер енгізудікөздейді.

Түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін:

1. соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде

- міндеттемелер бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен кем төлемді қарыз бойынша өтеудің болмау мерзімін санаған кезде есептемейді; 

- коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық (талап ету) берілгенге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі; 

- 12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылданғанын растау талап етілмейді. 

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (несиелік) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша рәсімді қолдануға болады.  Яғни егер ұйымның тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, оның  мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату үстінде, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімі туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

2. төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде

 мерзімі өткен міндеттемелері болмаған және тұрақты кірісі болып, бірақ мүлкі болмаған жағдайда қолданады;

 төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкер елден тыс шыға алады.

3. қаржы басқарушысы 

- кредиторлар өз талаптарын мәлімдемеген жағдайда, борышкер ұсынған деректерден кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыра алады;

- сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін өзінің сыйақысын төлеуді талап ете алады (қаржы басқарушысының сыйақысының төленбеген бөлігі тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелердің тізбесіне енгізілген).

4. уәкiлеттi орган қаржы басқарушысы борышкерге/оның кредиторларына талаптары немесе міндеттемелері болғандықтан немесе егер ол борышкердің/кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болғандықтан өз өкілеттіктерін жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда оны шеттете алады. 

Сондай-ақ бірқатар нақтылайтын түзетулер қарастырылған. Атап айтсақ, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде, кредитор және қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсетпейді, сондай-ақ өтінішке құжаттарды қоса беруге міндетті емес. Бұл ретте тиісті рәсімді қолдану үшін жұбайының келісімі қажет. 

Түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді. 

Департаменттерге ағымдағы жылдың аяғына дейін тұрақты негізде Заңның жаңа нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылады. Атқарылған жұмыс бойынша ақпаратты Комитетке ай сайын, ұсыну керек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив