ҚР Қорғаныс министрінің «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді
Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағын, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабын іске асыру үшін және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармақшасына сәйкес «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасында әуежай қызметі саласында маманданған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік мекемесінің тарифтерді қалыптастыру әдістемесі айқындалған.
Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15145611