Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Ақсуатта өткен 135 шақырымдық бәйгеде топ жарған сәйгүлік белгілі болды

21-07-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Алтын бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалінің аясында өтіп жатқан бәйге түрлері көпшіліктің делебесін қоздырып, шашасына шаң жуытпаған не бір сәйгүліктиердің атын шығаруда. 

Әсіресе, 135 шақырымдық Ұлы аламанға көпшіліктің ықыласы ерекше болды. Нәтижесінде Маңғыстау облысынан үкіленіп келген «Көкжебе» атты жүйрік мәреге бірінші келді. Ат иесі Ербол Ермағанбетов. Екінші болып Алматы облысы Кеңсай ауылынан ат иесі Маейемеров Ержанның «Кеңсай» атты сәйгүлігі келді. Үздік үштікті Жетісу облысынан келген «Қаһарман» атты бәйге түйіндеді, иесі Шамиль Қадыров.

Әрмен қарай тізбелеп айтсақ, 4-орын «Айкүрең», Маңғыстау облысы, ат иесі Келдібай Ибраев, 5-орын «Көкбайрақ» Абай облысы Таскескен ауылы, иесі Қанат Сүлейменов, 6-орын «Нұрқасқа» Астана қаласы, иесі Нұрлыбек Мұхамедияров, 7-орын «Балапан» Жетісу облысы, иесі Руслан Досанов. Ұлы аламанға жалпы саны 80 ат қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив