Абай облысында Ұлттық спорт ойындары күні өтуде
Көкпекті ауданының Шәйжүнісов атындағы орта мектебінде ұлттық спорт ойындары күнін мерекелеуге арналған жарыстар басталды.
Ауданның 15 мектебінің 80-ге жуық оқушысы тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату өнерін көрсетеді. Бұл ойындардың барлығы ойлауды, реакция жылдамдығын, ептілік пен көзді жақсартуға бағытталған.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің, аудан әкімшілігінің өкілдері, мұғалімдер, оқушылар, 100-ге жуық ата-аналар қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов қатысып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, ұлттық спорт күнін мерекелеу құрметіне «Наурызнама» онкүндігі аясында Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округінің аумағында Қапай Батыр ауылында ат спорты түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа Жарма ауданынан да, басқа өңірлерден де спортшылар қатысты.
Жарыстың ашылуында аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров құттықтау сөз сөйлеп, біріншілікке қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар ат спорты түрлерінен бақ сынасты, соның ішінде тай бәйге 3 шақырым, құнан бәйге 5 шақырым, топ бәйге 10 шақырым және көкпар сайысы.
Бәйгеде 100-ден астам қатысушының ішінен үздіктер анықталды.
Топ бәйге бойынша 1 орын - Тарбағатай ауданынан келген «Сұңқар» сәйгүлігі, 2 орын - Семей қаласынан келген «Еламан» сәйгүлігі, 3 орын – Қапай батыр ауылынан «Еркежирен» сәйгүлігі иеленді.
Құнан бәйге бойынша 1 орын - Бірлік ауылынан «Алқа» сәйгүлігі, 2 орын – Қалбатау ауылыынан «Тома» сәйгүлігі, 3 орын - Қапанбұлақ ауылынан қатысқан «Агата» сәйгүлігі иеленді.
Тай бәйге бойынша 1 орын Кезенсу ауылынан келген «Бәйтерек» сәйгүлігі, 2 орын – Қаражал ауылынан келген «Бұдырық» сәйгүлігі, 3 орын - Жарық ауылынан келген «Ақжүрен» сәйгүлігі иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.