Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан Елшісі Албания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

4-03-2023, 18:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Албаниядағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Еркебұлан Сәпиев Албания Президенті Байрам Бегайға сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астана екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық, туризм, инвестициялық, транзит және көлік салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

Өз кезегінде Б. Бегай Қазақстан Албанияның Орталық Азиядағы басты серіктесі екенін атап өтіп, өзара мүдделі барлық салаларда ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Елшісін қызметке ресми кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуда табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив