Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Фото: Сали Сабиров

28-07-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

71 келі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді. 

Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды. 

Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті. 

Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив