Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Серік Жұманғарин нарыққа шығарылатын көкөністердің көлемін ұлғайтуды тапсырды

4-03-2023, 18:49 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 4 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел кеңес өтті.

Серік Жұманғарин өткен аптада көкөністерге бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтамағанын атап көрсетті. Яғни,тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.

«Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай,  көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын», — деді Серік Жұманғарин әкімдіктердің басшыларына.

Кеңес барысында Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков айтқандай, бүгінде өңірлердің деректері бойынша айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілді.  Бүгінде 18,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде пияз - 4,9 мың тонна, қырыққабат - 2,8 мың тонна, картоп – 7,0 мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна сатылды. Өткен аптада сәбіз бағасы – 0,6%-ға, қарақұмық – 0,5%-ға, қант – 0,3%-ға, күнбағыс майы және тауық еті – 0,2%-ға төмендеді.

Сондай-ақ Айдар Әбілдабеков делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы мен Шымкент қалаларында комиссиялар тиімді жұмыс істеп келеді.

Соңғы аптада Атырау облысында өңірлік комиссия "Атырау ПробСнаб" ЖШС-мен сары майдың көтерме бағасын 60%-ға төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қостанай облысында ірі өндірушілермен өңірдің ірі супермаркеттеріне тікелей жеткізу туралы шарттар жасалды, нәтижесінде делдалдар алынып тасталды. Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізушілерді талдау барысында сауалнама арқылы қырыққабатты сататын өнімсіз делдал анықталды. Қазір мұнда көкөністерді тікелей жеткізу шартын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив