Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Мақаншы ауданында балалар ойын алаңы ашылды

30-07-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мақаншы ауылында Әсет Найманбайұлы атындағы орта мектептің 1984 жылғы түлектері 40 жылдық кездесулеріне орай «Балдәурен» балалар ойын алаңын салтанатты түрде ашты. Жаңа ойын алаңы ауданның кішкентай бүлдіршіндері мен балалары үшін қауіпсіз және көңілді кеңістік болмақ.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Дәурен Қойгелдин қатысып, аға буын түлектер мен ұстаздарды маңызды оқиғамен құттықтады. Сондай-ақ, туған өлкенің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Бұдан бөлек, «Атамұра» корпорациясының басшысы Рахымғали Абырарұлына таяуда ғана жарық көрген «Мақаншы айнасы» газетіне қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат табыс етілді.

«Мақаншы айнасы» газеті ауданда болып жатқан барлық шараларды қамтып, тың жаңалықтар, өзекті мәліметтермен қамтамасыз етіп отырады. Басылым қоғамды ақпараттандыру мен біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Іс-шара ұлттық ойындар мен шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив