Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды

30-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында өткен аптадағы жағдай қаралды.

Бүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау үшін 16,7 млн га аумаққа мониторинг жүргізілді, бұл жоспардың 98%-ын қамтиды. Қайта өңдеуді есепке алғанда, қорғаныс шараларын қолданудың жалпы ауданы 2,9 млн гектарға жетті.

Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында итальялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары жалғасып жатыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шегірткенің таралу орындарын анықтау үшін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты, шегірткенің ұшу келу қаупі жоқ.

«Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткенің таралуы анықталған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтарда шегірткенің шоғырлануы экономикалық зияндылық шегінен төмен»,  — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Шегіртке таралуы ықтимал аймақтарда қажет болған жағдайда бақылау және өңдеу жұмыстары жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив