Барлығы бірге тазалық үшін: Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
30 шілдеде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында ауқымды шара өтті. Нәтижесінде жергілікті тұрғындардың демалыс аймағы саналатын ауыл орталығында орналасқан орман алқабы қоқыстан тазартылды.
Акцияға аудан орталығының тұрғындары, студенттер, жастар, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары қатысты.
Акция қорытындысы бойынша 20-дан астам қап қоқыс жиналды.
Ринат Қайратов – «Жасыл ел» жауынгері қатысушылармен бірге орман аумағын тазарту бойынша «Таза Қазақстан» акциясына қатысқандығын атап өтті.
Акцияға қатысқан Бородулиха ауылының тұрғыны Тимур Қожағұл көптеген ауыл тұрғындары табиғатта көп уақытын орман алқабында өткізетінін атап өтті. Осыған байланысты ол аудан тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды.
Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» акциясы басталған уақыттан бері ҚТҚ полигонына 40 000 тонна қоқыс шығарылды, 1 500 ағаш және 20 850 бұта отырғызылды. 5 су қоймасы да қоқыстан тазартылды.
Тағы да республикалық акция Бородулиха тұрғындарын – қоғамдық орынды таза әрі әдемі ету ортақ мақсаты жолында біріктірді. Сенбілік туған өлкеге қамқорлықтың баршаға ортақ іс екенін көрсетті.
Ауданда акция барысында саябақтар мен алаңдарды абаттандыруға назар аударылып, 21 нысан аумағы тазартылды.
«Таза Қазақстан» акциясы өткізіле бастағаннан бері сенбіліктерге барлығы 9 000-нан астам адам қатысты.