Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Құдайберген Арымбек ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

30-07-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ол 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады. 

2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды. 

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив