Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
491.7 531.28 5.07

Шаған кентінде EMA LTD компаниясының ауқымды инвестициялық жобасы басталады

30-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Жоба аясында селекциялық-гибридтік орталық пен ет өндіру кешенінің құрамына кіретін жем зауытын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру үшін Ресей, Дания және Англия елдерінен компанияларды тарту жоспарлануда.

Жобаның маңызды бөлігі – инвестор, ауыл әкімдігі және Шаған кентінің қоғамдық кеңесі арасында әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты меморандумға қол қою болды. Меморандумға сәйкес ауылдың әлеуметтік қажеттіліктеріне әр нысаннан жыл сайын 20 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды.

Екі нысанның құрылысы 2024 жылдың қыркүйегінде басталмақ. Селекциялық-гибридтік орталықты толық пайдалануға беру 2025 жылдың үшінші тоқсанына, құрама жем зауыты 2026 жылдың бірінші тоқсанында қолданысқа береді деп жоспарланған.

Жобаның ықтимал әсерлері туралы есеп беру және экологиялық рұқсат алу үшін еліміздің заңнамасында көзделген қоғамдық тыңдаулар өтті. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен оң қорытынды алынды. Сондай-ақ, құрама жем зауытын салу үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша да тыңдаулар өтті. Қазіргі уақытта ауданы 100 га және 80 га жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба нәтижесінде 140 жаңа жұмыс орны ашылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив