Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҰАҒББО ғалымдары жоңышқаның жаңа түрін ұсынды

31-07-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясының селекционерлері "Қарабалық інжуі" атты жоңышқаның жаңа түрін ұсынды.

Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде шығарылған гибридті жаңа сорттың сапасын мамандар жоғары бағалады.

Алдағы уақытта шаруа қожалық иелері жоңышқаның жаңа түрін қолдану арқылы ауа-райының қолайсыздығына қарамай мол өнім алуына мүмкіндік пайда болды.

Ғалымдар жоңышқаның бұл түрін «Славян» және «Қарабалық 18» сорттарын будандастыру арқылы шығарды. Өсімдік орташа маусымдық санатқа жатады.

Гүлдену басталғанға дейінгі вегетациялық кезең небәрі 64 күнді құрайды, ал тұқымның толық жетілуіне шамамен 107 күн қажет. 1 гектарданжерден 191 центнерге дейін жасыл масса, 69 центнер шөп және 2,3 центнер тұқым алуға болады.
Қарабалық інжуі аязға және құрғақшылыққа бейімделген.

Сондай-ақ, түрлі аурулармен зиянкесткерге де төзімді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей жоңышқаның бұл түрі көктем мезгілінде ерте өсе бастайды. Осының арқасында шаруа қожалықтар қазірдің өзінде үлкен қызығушылық білдіріп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив