Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қарағайлы шағын ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлімшесі ашылды

1-08-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қарағайлы шағын ауданының «Арена» спорт ккшенінде қазыналы қарияларға қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығының» тағы бір бөлімшесі ашылды. 

Белсенді өмір сүру орталығында қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарын, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тілдік курстардан өтіп, сондай-ақ, би, домбыра үйірмесіне, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Сонымен қатар, скандинавиялық серуендеуге шығып, үстел ойындарын да ойнай алады. 

Бұл бөлімше аптасына 100-ден астам зейнеткерлік жастағы адамдарға қызмет көрсете алады. Орталықтың негізгі мақсаты - зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу. 

Орталықтың ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Жұмаділов қатысты. 

«Орталық қала әкімінің бастамасымен ашылды. Осы жерде қарияларымызға, қажетті күнделікті белсенді өмір сүруіне арналған барлық жағдайлар жасалып отыр. Биыл қаланың сол жағалауында тағы бір орталық ашуды жоспарлаудамыз », - деп атап өтті Серік Жұмаділов.

Айта кетейік, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қаланың оң жағалауында, 2021 жылдың қараша айынан бері жұмыс атқарып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив