Мәслихат төрағасы Бородулихада сағызша созылған құрылысты тексерді
«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту жөніндегі Жолдауы аясында Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынуда.
Бас мердігер «СМУ-Шығыс» ЖШС құрылыс компаниясының бастауымен жүзу бассейні бар дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысы 2021 жылдың 1 мамыр айында Бородулиха ауданында бастау алған болатын.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 30 тамызға дейін аяқталу қажет. Бұл құрылыс қатаң бақылауға алынған және «AMANAT» партиясының жол картасындағы құрылыс нысандарының бірі.
Аталған құрылыс жұмыстарын Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов тексеріп қайтты.
«Құрылыс орнына барып жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақыладым. Аяқтау мерзімі жақын қалғанымен, ақпаратта берілген 85% жұмыстың жоқтығы анықталды,әліде жүргізілетін жұмыстар көп. Осы құрылыс нысаны бойынша аудан әкімі Айдар Ибраевқа,бас мердігер «СМУ-Шығыс» ЖШС-құрылыс компаниясына, тапсырыс беруші Абай облысы құрылыс басқармасына бірқатар қатаң ескертулер мен тапсырмалар бердім. Сонымен қатар құрылыс нысанына бөлінген қаражаттың дұрыс игерілмегендігі жөнінде құзырлы органдарға хаттар жолданатын болады», - деді Қуаныш Сүлейменов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек