Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
491.7 531.28 5.07

Жарты миллионнан астам бала «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан материалдық көмек алады

1-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға жыл сайынғы қолдау көрсету жалғасуда. Мемлекеттік қолдау тетіктері туралы толығырақ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте бөлісті.

Биыл Жалпыға бірдей білім беру қоры 500 мыңнан астам баланы қамтиды. Олардың қатарында АӘК алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары бар.

«Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару арқылы көмек көрсету тетігін жетілдіру шараларын қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды. Қазіргі таңда әрбір білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде − 43 407 теңге қаражат белгіленген», — деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Айта кету керек, соңғы үш жылда материалдық көмек көлемі 2,5 есеге, яғни 17 мыңнан 43,5 мың теңгеге дейін өсті, бұл мемлекеттік қолдаудың артуын көрсетеді.

Қазір аймақтарда оқу құралдары мен қажетті тауарларды сатып алу үшін қаражат аударылып жатыр. Осы уақытқа дейін 77,8 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив