Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қазақстан мен Жапония сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда

5-08-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен кездесу өткізіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында А.Қуантыров көлік-логистика, ТМК, жаңартылатын энергетика, қалдықтарды қайта өңдеу, цифрландыру және инфрақұрылым сияқты салаларда Жапониямен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін Қазақстанның жоғары әлеуетін атап өтті. Министрдің орынбасары ел Үкіметі Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі жапон компанияларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Астана мен Токио белсенді саяси диалог құрды, экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізді және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды жалғастыруда. 18 жыл ішінде жапондық компаниялар Қазақстан экономикасына 7,8 млрд астам инвестиция салды және біз экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде үлкен әлеуетті көріп отырмыз», - деді А.Қуантыров.

Өз кезегінде Д.Ямада Қазақстан Жапонияның стратегиялық серіктесі болып табылатынын және соңғы уақытта Қазақстанда кәсіпорындар ашуға қызығушылық танытып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жапондық компаниялар Қазақстанға энергетикалық жобаларды іске асыруда, көлік әлеуетін, инфрақұрылымды дамытуда, атап айтқанда логистика процесін цифрландыруда көмектесе алады. Жапония елшісі 2026 жылы елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу екіжақты байланыстарды нығайтуға және бизнес пен туризм салаларын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестікті нығайтуға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив