Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

7-08-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 14,9 мың жұмыскерге 3,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,6 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 245 тексеру жүргізді, оның барысында 6 772 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 007; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 703; халықты жұмыспен қамту бойынша – 62.

Жұмыс берушілерге 2 552 ұйғарым беріліп, 321,9 млн теңге сомасына 2 931 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив