Абай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Абай облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Жасұлан Сәрсебаевтың төрағалық етуімен өткен отырыста 2024 жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы уақытқа жоспар құрылды.
Отырыс облыстық комиссия мен қалалық, аудандық комиссия төрағалары мен комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті. Оның құрамында жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын әйелдер бар.
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Е. Бексұлтанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А. Нускенова алғашқы жартыжылдық бойынша есеп берді. Ал аудан әкімдері онлайн форматта қосылып, Бесқарағай және Абай аудандары әкімдерінің жанындағы комиссияның атқарған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды.
Атап өтер болсақ, комиссия отырысында жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру барысы баяндалып, әр аудан мен қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссияның алға қойып отырған жұмыс көлемі ауқымды. Бүгінгі отырыста аталған мақсат-міндеттерді барлық басқармалар мен комиссия мүшелері бірлесіп атқаратын болады.