Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
440.86 500.77 5.27

Қала мектептері жаңа оқу жылына дайын

8-08-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімінің төрағалығымен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен апараттық кеңес өтті. Отырыс барысында барлық бөлімдердің ағымдағы мәселелері қаралды, сондай-ақ бюджет қаражатын игеру бойынша сұрақтар пысықталды.

Айта кетейік, бас инспекторлар мен жергілікті полиция қызметіне қала шетіндегі заңсыз қоқыс тастау мәселесін қатаң бақылауға тапсырылды.

Сондай-ақ, кеңес барысында қала мектептерінің жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселелері қаралды. Семей қаласында 68 білім ошағы бар, 2 мектепке ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда барлық мектептер жаңа оқу жылына дайын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив