Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Ресей театр өнері институтының ұстаздары М. Әуезов атындағы театрда шеберлік сабақтарын өткізуде

8-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Ресей театр өнері институты оқытушыларының қатысуымен шеберлік сабақтар өтуде. Бағдарламада бірнеше бағыттар қамтылған: сахналық қозғалыс және сөйлеу, актерлік шеберлік, сонымен қатар мамандыққа қажетті басқа дағдылар.

Сабақтар актерлердің қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі және жаһандық үрдістерге сәйкес қазақ театр сахнасының қарқынды дамуына бағытталған.

Озық жоғарғы оқу орны педагогтарының шеберлік сабақтары қазақ мәдениеті мен өнерін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ете отырып, актерлік шеберліктің сапасын жаңартуға ықпал етеді.

Ресей театр өнері институты педагогтарының тренингтері мен шеберлік сабақтары Қазақ ұлттық театрының 100 жылдығына орайластырылды. Ол екі жылдан кейін тойланады. Шеберлік сабақтар 22 тамызға дейін өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив