Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы отбасын қолдау орталықтарына барды

8-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау бойынша іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін кешенді зерделеудің жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері кірді.

Жұмыс тобы екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Бұл әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң нормаларын, атап айтқанда, алдын алу шараларын пысықтау. Екіншісі: балаларды қорғау жүйесін бақылау, балаларға арналған мекемелердегі жағдайды жақсарту.

Сарапшылар өңірлерде жұмыс істей бастады. Алғашқы кезекте Жетісу облысы бойынша жұмыс жүргізілді. Жұмыс тобы екі қаланы және ең шалғай алты ауданның ауылдарын аралады. Мамандар қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау бойынша Отбасын қолдау орталықтары мен мобильді топтардың қызметімен танысты. Жетісуда қазіргі уақытта үш Отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. Жылдың соңына дейін тағы да орталықтар ашылатын болады.

Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері балаларды психологиялық қолдау орталықтарын, арнаулы әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету орталықтарын, білім беру, спорт, мәдени кешендерді, барлығы 74 мекемені аралады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив