Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қазақстан мен Конго арасында АКТ және электронды үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

9-08-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі өзара түсіністік туралы маңызды меморандумға қол қойды.

Аталған меморандум цифрлық инфрақұрылымды дамыту, электрондық үкімет бастамалары, АКТ саясаты, әлеуетті арттыру және білім алмасу, ғарыштық зерттеулер мен технологиялар, киберқауіпсіздікті арттыру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Конго Республикасы цифрлық инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жаһандық цифрландыру бастамаларына белсенді қатысуда. Осы салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту аталған мемлекетте цифрлық трансформацияны жеделдетуге көмектеспек. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартып, ұлттық киберқауіпсіздікті күшейтетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив