Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қазақстан мен Түрікменстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: өзара сауда көлемі үштен біріне жуық өсті

10-08-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасарлары Батыр Атадаевпен және Баймырат Аннамаммедовпен кездесті.

Кездесу аясында Қазақстан мен Түрікменстандағы экономикалық ахуал туралы пікір алмасу, қазақстан-түрікменстан сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

Екі ел де өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдемелі түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде елдер арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге ұлғайды, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға өсті. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.

Роман Скляр Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара іс-қимыл әріптестік пен тату көршілік рухында дамып келе жатқанын, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективалары бар екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер қазақстан-түрікменстан өзара іс-қимылының барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив