Қазақстандық әскерилер қызметшілер Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінде болды
ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті басшылығының Үндістан Республикасына сапары екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.
Нью-Делиде ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков бастаған қазақстандық делегация Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінде болып, оқу-материалдық базамен танысты. Сондай-ақ тараптар «магистратура» бағдарламасы бойынша паритеттік негізде офицер кадрларды дайындау мәселелерін талқылады.
Кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қорғаныс университеті мен Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс колледжі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
– Бұл ел ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасын дамытуға белсенді қатысып келеді, – деді генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Мәселен, 2017 жылдан бастап мұнда Үндістан қарулы күштерінің әскери өнер аудиториясы жұмыс істейді. Биылғы жылы Үндістан тарапы аудиторияны қайта жарақтандыру үшін жалпы сомасы 8 млн. теңгеден астам мүлікті өтеусіз беріп отыр. 2021 жылдың наурыз айынан бастап екі үнді әскери қызметшісі ҰҚУ-де ағылшын тілін оқытып әрі ағылшын тілін оқытудағы әдіснамалық тәжірибесін қазақстандық әріптестерімен бөлісіп келеді. Сондай-ақ, Үндістанның командалық-штабтық колледжімен өзара іс-қимыл орнатылып, өзекті тақырыптар бойынша онлайн режимде бірлескен дәрістер оқылды.