Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Әзірбайжан Республикасы арасында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

14-08-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті және Әзірбайжан Республикасы цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы Электрондық қауіпсіздік қызметі Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты ақпараттық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу арқылы қатысушылар арасындағы ынтымақтастық үшін өзара негіз құру және дамыту болып табылады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу, киберқауіптерге қарсы іс-қимыл бойынша білім және тәжірибе алмасу кіреді.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бұл әріптестік өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және халықаралық деңгейде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берік негіз құра отырып, екі елде де ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенімді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив