Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысының әкімі еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

15-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы іссапар кестесіне сай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевпен кездесті.

Өңір басшысы Нұрлан Телманұлы қонақтарды жылы қабылдап, аймақта атқарылып жатқан рухани бағыттағы жұмыстарды атап өтті. Оның бірі дін бірегейі имамдардың білімін жетілдіретін орталықтың салынуы. Әкім өз сөзінде жаңа орталық келер жылы пайдалануға беріледі деді.

Бас мүфти аймақ басшысына ілкімді істерге қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Жаңадан құрылған облыс орталығындағы мешіттер мен діни сауат ашу орталығының ашылуы да сөз болды.

Сонымен қатар Діни басқарма төрағасы тарихы ғасырдан асатын көне мешіттерді сақтау, тарихи жәдігер ретінде қарау туралы ұсынысын айтты. Одан бөлек зират және зиярат, ас беру мәдениеті, жаңадан ашылған сауат ашу орталығының тынысы туралы да айтылды.

Кездесу соңында тараптар рухани бағыттағы жобаларды толық қолдайтынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив