Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Астанадағы «C5+Жапония» бизнес-форумы: Цифрлық даму министрлігі мен Challenge and Lead IT ынтымақтастық жолында

15-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Елордамыз Астанада Орталық Азияның бес мемлекеті мен экономиканың негізгі салаларында жұмыс істейтін 100-ден астам жетекші жапондық компаниялар мен ұйымдардың өкілдерін біріктіретін «C5+Жапония» бірінші бизнес форумы өтті. Басқосу технологиялар мен инновациялар саласындағы өңірлер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам болды.

Форумда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен жапондық Challenge and Lead компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл құжат тығыз ынтымақтастық үшін негіз қалайды, оның шеңберінде Қазақстаннан IT-мамандары Жапонияда оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Challenge and Lead компаниясы Жапониядағы IT-жүйелерді дамытумен қатар Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Моңғолия сияқты елдердің IT мамандарын оқытуға және жұмысқа орналастыруға белсенді қатысады. Қол қойылған Меморандум қазақстандық мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың біліктілігін арттыруға және халықаралық жобаларда қолдануға мүмкіндік береді.

Форумда жасанды интеллект технологияларын енгізу, дата орталықтарын салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы салалардағы ынтымақтастық Орталық Азия елдеріне де, Жапонияға да айтарлықтай пайда әкеліп, өзара тиімді серіктестіктің жаңа перспективаларын аша алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив