Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қалбатауда жаңа мешіт ашылды

16-08-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Жарма ауданының орталығы Қалбатауда “Сәдуақас ата” атындағы жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Құлшылық үйінің ашылуына құтты қонақ ретінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Мешітті өңірге белгілі Сәдуақас атаның ұрпақтары екі айда салып бітірген. Алғаш құттықтау сөзге шыққан ҚМДБ Төрағасы құлшылық үйінің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Ізгі ниетінен соң Бас мүфти елге жаңадан тағайындалған Заңғар Қойшыбайды таныстырып, қызметіне береке тіледі.

Ашылудан соң қонақтар жаңа мешітті аралап көрді. Құлшылық үйінде бір мезетте 300 адам намаз оқи алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив