Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

ӨҚМ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанына өзгеріс енгізуде

16-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады.

Өзгерістер «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2) тармақшасы негізінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына енгізіледі.

Бұйрық «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленіп 1,5% деңгейінде ауытқу шегін белгілей отырып, үлестің ауданын азайтуға немесе ұлғайтуға қатысты өзгерістерді енгізуді қарастырады.

Бұйрық 2024 жылғы 14 тамызда e-gov (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15169368) ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында жарияланған.

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив