Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Жарма ауданында көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

19-08-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары аясында Шар-Әуезов жолының 20 шақырымына жасалып жатқан орташа жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жұмысты «Семей жолдары» ЖШС атқаруда.

Сондай-ақ, Шар қаласының жол жамылғысын жаңартуға және Қалбатау ауылындағы көшелерді ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Достық көшесінде жаңа асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

Шалабай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәсілім көшесінің бойындағы 2,2 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ескі жол жамылғысы фрезерленіп, асфальттың бірінші қабаты төселді. Мердігер – «СКА» ЖШС.

Бұдан бөлек, Шар-Кезеңсу жолының 3,5 шақырымдық бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бүгінде жаңа асфальт төсеу жұмыстары басталды.

Бұл жобалардың мақсаты – елді мекендердегі жолдарды жақсарту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив