Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстандық оқушылар Грециядағы робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада ел намысын қорғайды

19-08-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Tech Cup X» оныншы мерейтойлық чемпионаты аясында Алматы қаласының білім басқармасы мен Ustem Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST GLOBAL Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадаға ұлттық іріктеу өтті.

Аталған байқауда 190-нан астам елдің жас инженерлері өзара бақ сынасты. Кей өңірлерде іріктеу онлайн режимде өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстаннан 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстан мен БАӘ-ден командалар қатысты.

Дүниежүзілік кезеңге қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нуржан Кокеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Тургенбаев бар.

Чемпионатқа робототехника, зымыран, дрон және жасанды интеллект бағыттары бойынша 1500-ден астам қатысушылар мен қонақтар жиналды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл сала бойынша Қазақстан екі дүркін әлем чемпионы болып табылады. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жетті.

First Global Challenge Дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив