Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әскери бөлімдердің техникалық мамандарының еңбек нормалары туралы Қорғаныс министрінің бұйрығының жобасы дайындалды

20-08-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосында министрдің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің инфрақұрылымы объектілеріне, автомобиль және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» министрдің бұйрығының жобасы әзірленді.

Құжатты ҚР Қарулы күштері Әскери инфрақұрылым бас басқармасы әзірледі. Бұйрық жобасын әзірлеудегі мақсат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен шартталған құқықтық актілердің тізбесі, сондай-ақ ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан мемлекеттік органдардың деңгейіне еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық және үлгілік нормативтерді әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды беру болды.

Қаулы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15168839

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив