Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Тяньцзинь кәсіби университеті заманауи инженерлерді дайындайды

6-03-2023, 19:14 Думан Кенжеғазыұлы

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және Тяньцзинь кәсіби университетінің Лу Бань шеберханасын ашу мәселесі бойынша ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Қоңырбаева Жадыра, «Smart engineering» құзыреттілік орталығының басшысы Азаматов Бағдат құрамындағы ШҚТУ делегациясы 2023 жылғы 2 наурызда Тяньцзинь кәсіби университетіне барды.

Меморандум шеңберінде университеттер озық Қытай технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, көлік және көлік техникасы саласында техникалық мамандарды бірлесіп даярлау жөніндегі бағдарламаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты. Келешекте «электромобильдер», «ЗD-басып шығару», «өндірісті автоматтандыру» және т. б. сияқты салаларда ынтымақтастық бағыттарын кеңейту көзделген.

«Лу Бань шеберханасы» жобасын іске асыру Қазақстанның кәсіби техникалық кадрларға деген қажеттілігін толықтыруға ықпал ететін болады.

Наурыз айының соңы – сәуір айының басында TVI Университетінің Президенті мен ҚХР-дың ҚР-дағы бас консулы бастаған қытай делегациясының ШҚТУ-ға сапары жоспарлануда.

Бұл жоба Қазақстан мен Қытай басшыларының 2022 жылы қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде іске асырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив