Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Құсбегілік (саятшылық) федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуғанның айтуынша еліміздің үздік құсбегілері Көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түскен.
Құсбегіліктен ұлттық құрама мүшелері дайындық барысы жайында айтып берді.
Көшпенділер ойындары аясында құсбегіліктен (саятшылықтан) болатын сайыс қыркүйектің 12-13 аралығында, этноауыл аумағында өтеді.
Еске сала кетейік, Республикалық «Құсбегілік» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Көкпар», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.
Атап өтейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.