Абай облысында «Өлеңнің ұлы дариясы» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Абай облысында халық жазушысы Төлеу Көбдіковтың 150 жылдығына арналған «Өлеңнің ұлы дариясы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Оған 12 ақын қатысты. Олардың арасында Қуандық Кенжебек, Шұғайып Сезімхан, Айбек Жеңісқазин, Дәурен Ысқақ, Фариза Жетпісбай, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Рүстем Қайыртайұлы, Ержан Әміров, Қалижан Білдәш, Ұларбек Минатхан және Дидар Қами болды.
Қазылар алқасының шешімімен Дидар Қами Бас жүлде иегері атанды. Жүлделі бірінші орынды Алматы қаласының айтыскер ақыны Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алса, екінші орынды Шұғайып Сезімхан, үшінші орынды Ержан Әміров иеленді.
Сонымен қатар, Ұларбек Минатхан, Қалижан Білдәш, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанханға арнайы сыйлықтар табысталды. Айбек Жеңісқазин, Қуандық Кенжебек, Фариза Жетпісбай және Дәурен Ысқақ шеберліктері мен ерекше өнерлері үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды.