Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚР Цифрлық даму министрлігі мен Freedom Bank Тәжікстанның Инновациялық және цифрлық технологиялар агенттігі және Жинақ банкімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24-08-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Душанбе қаласында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі, Тәжікстанның «Амонатбанк» жинақ банкі және Freedom Bank өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат IT технологиялар мен инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Меморандумға ҚР Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев, Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов, сондай-ақ Инновациялық агенттіктен Хуршед Мирзо мен Тәжікстанның Жинақ банкінен Ризвонзода Фирдавс қол қойды.

Құжат Қазақстан мен Тәжікстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ақпараттық технологиялар мен ғарыш қызметінің маңызды рөлін атап көрсетеді. Тараптар екі елдегі экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал ете отырып, озық технологияларды ұзақ мерзімді негізде дамытуға әрі енгізуге уағдаласты. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары цифрлық инфрақұрылымды дамыту және электронды үкімет бастамаларын жүзеге асыру, инновациялар мен кәсіпкерлік саласындағы білім алмасуға жәрдемдесу. Сонымен қатар, Тәжікстанда технопарк құру арқылы стартаптарды қолдау және цифрлық экожүйені дамыту жоспарлануда. 

«Тәжікстанда технопарктің ашылуы – аймақтық ынтымақтастықты дамыту мен инновацияны қолдаудағы маңызды қадам. Freedom Bank қаржыландыруының арқасында бұл жоба технологиялық кәсіпкерлік пен заманауи IT-шешімдерді құру үшін жаңа көкжиектер ашады. Бұл халықаралық ынтымақтастық – цифрлық экономиканы дамыту байланыстарымызды нығайтудың жарқын көрінісі. Тәжікстанның 100-ден астам IT-маманының Қазақстандағы Astana Hub бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағанын ерекше атап өткен жөн, бұл біздің аймақтың технологиялық әлеуетін дамытуға мүдделі екенімізді атап көрсетеді»,- деді Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Ұйым цифрлық ипотека және цифрлық автокредит сияқты инновациялық сервистердің тәжірибесінде банк өнімдерін автоматтандыру саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті. Бұдан басқа, «Цифрлық ипотека», «Цифрлық авто» өнімдері, мемлекеттік қызметтер мен сервистердің (GovTech) көмегімен өзге де банк қызметтерін цифрландыруды қамтитын банк өнімдерінің тұсаукесері өтті.

«Меморандумға қол қою серіктестікті нығайту және инновациялық шешімдерді енгізудегі маңызды қадам болып табылады. IT хабты іске қосумен қатар Тәжікстанда Freedom Bank еншілес ұйымын ашуды көздеп отырмыз. Бұл бағытта біраз жұмыс атқарып, топ жинап, орнын анықтадық. Еншілес банктің ашылуы бізге тәжірибемізді кеңейтуге және Тәжікстан нарығына цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтерді енгізуге мүмкіндік береді.»,- деді Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі.

Сонымен бірге, Орталық Азияның инновациялық экожүйесіне назар аудару үшін халықаралық іс-шараларға қатысу, трансшекаралық әріптестік үшін мүмкіндіктерді зерделеу, ғарыш қызметі және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу көзделген.

 «Фридом Банк Қазақстан» АҚ - жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын Қазақстандағы инновациялық банк. Банк ипотекалық несие, автонесие және бизнес несиелерін алуды цифрландырды. Ол сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы инвестор картасын, INVEST CARD және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Оның Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк қаржылық қызметтерді, бөлшек сауда брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық банкингті және андеррайтинг қызметтерін ұсынатын Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Бүгінгі таңда холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив